БҚО-да сумен қамту нысандары құрылысына 3 млрд теңге қаралып отыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 20 сумен қамту нысаны құрылысына 3 млрд теңге қаралып отыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БҚО құрылыс басқармасының басшысы Арман Өксікбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, соның ішінде 2,3 млрд теңге республикалық, 0,7 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Құрылыс нысандары аяқталған кезде ауылдарды сумен қамту 44,7 пайызға (197 елді мекен) жетеді.

«Биыл Жаңақала ауылында топтық су құбыры құрылысы жалғасуда. Жоба құны - 2,5 млрд теңге. Ол 16 мың адам тұратын 7 ауылды қамтиды. Сонымен қатар Киров-Шежін каналын қайта құру бойынша (ұзындығы 180 шақырым) ауқымды жұмыстар жалғасын табуда. Осы жылы қайта құрудың үшінші кезеңі толықтай аяқталмақ», деді А.Өксікбаев.

null

Айта кетейік, өткен жылы 65 мыңнан астам адам тұратын 55 ауылда 39 сумен қамту жүйесін салу және қайта жаңғыртуға 9 млрд теңге бөлінген болатын. Соның ішінде 36 елді мекенде 29 сумен қамту нысаны (47 мың адам) пайдалануға берілді. Жыл соңында ауылдарды сумен қамту 40,4 пайызды құраған еді.

Соңғы жаңалықтар