БҚО-да суға батып кеткен ер адам табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, 16 қазан күні Теректі ауданы Долинный ауылы маңындағы Солянка өзеніне балық аулауға барған 1988 жылғы тұрғын суға батып кеткен болатын.

Оның денесін тума-туысқандарымен бірге құтқарушылар қанша іздестіргенімен, көпке дейін нәтиже бермеді.

Аудандық ТЖ бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, Ержан Асановтың денесін батысқазақстандық құтқарушылар 28 қазан күні сағат 11.35-те сол өзеннен тапты.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, ол сол күні серігімен балық аулауға барған. Өзеннің ортасында ау құрамыз деп жүргенде, желдің әсерінен резеңке қайық аударылып, балықшылардың біреуі құтқарылғанымен, екіншісі суға кеткен. Марқұм ішімдік ішпейтін азамат еді, дейді білетіндер. Марқұмның соңында зайыбы, екі кішкентай баласы қалды.

Еске сала кетейік, сол күні Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округі аумағында, Первомай ауылынан 18 шақырым жерде Грачи-1 өзенінен балық аулау кезінде  Чапаев ауылының 1957 жылғы тұрғыны суға кеткен болатын. Онда да қайық аударылған еді.

Соңғы жаңалықтар