БҚО-да соңғы екі аптада 264 ұрлық, 35 алаяқтық тіркелді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында соңғы екі аптада 264 ұрлық, 35 алаяқтық тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сондай-ақ 30 шілде мен 12 тамыз аралығында 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды. 2 жасөспірім, 3 ересек адам суға кетті.

Талдау көрсеткеніндей, көбіне велосипедтер (12 дерек) қараусыз қалатындықтан және арнайы құлыппен бекітілмейтіндіктен, қолды болады. Ұялы телефондар (40) базарларда, аялдама, автобустарда, адамдар көп бас қосатын жерлерде жиі ұрланады. Аудандарда мал бағусыз жүретіндіктен, 15 ірі қара ұрлығы тіркелген. Терезелерде тор орнатылмағандықтан, ұрылар 11 рет пәтерлерге кірген. Белгі орнатылмаған, күзетілмейтін тұрақтарға қойылған автокөліктерден бұйымдар ұрланған (29).

Алаяқтық мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алып беремін деу (3), қымбат ұялы телефондарды жарты бағасына алып беремін деп уәде беру (6) секілді жолдармен жасалады.

Жол қозғалысы ережесін сақтамау жол апаттарына ұрындырып жатады. Егер қос көлікте артқы орындықта отырған жолаушылар белдікті пайдаланғанда, екеуі тірі қалып, үшеуі жарақат алмас еді. Өйткені белдік тағып отырған жүргізушілер аман қалды.

Қос бірдей жасөспірім өзенде ересектердің қарауынсыз шомылған және екеуі де жүзу білмегендіктен, суға кеткен.  

Соңғы жаңалықтар