БҚО-да сатушыға шабуыл жасаған күдікті анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында сатушыға қарақшылық шабуыл жасау оқиғасы тергелуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 26 қаңтар күні шамамен сағат 17.00-де Зеленов ауданы Үлкен Шаған ауылында белгісіз біреу киім дүкенінде сатушыға қарақшылық шабуыл жасаған болатын.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабы 2-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде күдікті анықталды.

Пышақ жарақатын алған әйел облыстық клиникалық ауруханаға түсіп, оған ота жасалған болатын.

Еске сала кетейік, қарақшылық шабуылға ұшыраған сатушының жансақтау бөлімінде жатқаны жөнінде жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар