БҚО-да сапасыз жауап берудің 200-ден астам дерегі анықталған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында прокурорлық тексеру барысында азаматтардың өтініштерін қарау кезінде көптеген заңбұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Бұл туралы өңір басшысы Алтай Көлгінов пен облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісовтің төрағалық етуімен өткен БҚО әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия мен облыс прокуратурасының бірлескен отырысында айтылды.

Онда Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, азаматтардың арыз-шағымын уақтылы қарап, заңда көзделген мерзімде жауап беру мемлекеттік органдар қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Осы ретте прокуратура мен сот органдарына азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты шағымдардың түсуі алаңдатпай қоймайды. Дегенмен облыс әкімдігі мен басқарма-департаменттерге түскен арыз-шағым, өтініштер саны жыл сайын азайып келеді. Айталық, 2011 жылы 324 мың өтініш қабылданса, өткен жылы 71 мың болып, 4,5 есеге кеміген. Биыл сегіз айда 41 мыңнан астам өтініш қаралған.  Әр мемлекеттік органға түскен кез келген өтініштің қараусыз қалмауы ерекше маңызды.

null  

БҚО прокуратурасының басқарма басшысы Жаннұр Ахметбектің сөзіне қарағанда, биылғы тоғыз айда сот органдары мемлекеттік органдар шешіміне риза болмаған 79 азаматтың арызын мақұлдаған. Сол секілді прокуратура органдарына жүгінетін азаматтардың көпшілігі тұрғын үй, еңбек дауы, жер телімі, қылмыстық тергеу, көші-қон мәселелері, салықтық тексеру мен медициналық қызмет сапасына қатысты келеді. Жергілікті атқарушы органдарға жүргізілген тексеріс барысында биыл арыз иелеріне жолданған хат тілінде жауап бермеудің 60, сапасыз жауап қайтарудың 200-ден астам дерегі белгілі болды. Соның ішінде БҚО әкімі аппараты, облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма, Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі, Сырым ауданы әкімдігі «көзге түскен».

БҚО бойынша мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Асылан Жаңатауовтың айтуынша, өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру күрделі болып отыр. Бұл мәселе бойынша тек алты ауылдық округке рұқсат етілген. Ал 200-дей елді мекен маңында қоқыс төгілетін орындар заңдастырылмаған. Тұрмыстық қалдықтар ауа мен қоршаған ортаның ластанып, топырақтың эрозияға ұшырауына әсер етеді. Қоқыс төгетін орындарда дезинфекциялық кедергілер немесе қалдықты тасымалдайтын автокөліктердің кузовтары мен дөңгелектерін жууға арналған қондырғылар жоқ. Қоқыс төгу орындарының қызметкерлері мен басшылық құрамы кәсіби дайындықтан өткізілмейді.

null  

Жер қойнауын пайдаланушылардың өндіріс және бұрғылау қалдықтарын қайта өңдеп, орналастыратын жерлері болмауына байланысты да қоршаған орта ластануда. Мысалы, 2012 жылдан бері Зеленов, Бөрлі аудандары мен Орал қаласы аумағында өндірістік қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарда заңсыз орналастыруға байланысты 16 қылмыстық іс тіркелді. Осы қылмыстық іс-әрекет салдарынан қоршаған ортаға 1,7 млрд астам теңге шығын келтірілді. Ақсай қаласынан басқа барлық аудан орталықтарында сарқынды суларды қабылдайтын нысандар жоқ. Соның салдарынан сарқынды сулар белгіленбеген жерлерге төгіледі. Сол секілді Орал қаласының өзінде Деркөл ауылы, Зачаган кенті, «Ескі әуежай», «Курени», «Самал-1, 2, 3» шағынаудандары мен Желаев жолы бойындағы тұрғын үйлер орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған. Мұның бәрі қоршаған орта мен табиғатқа елеулі зиян тигізуі әбден ықтимал.

Отырыста қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныс-пікірлер айтылып, шешім қабылданды.

null null null  

Соңғы жаңалықтар