БҚО-да «Рухани жаңғыру» аясында екі жоба жүзеге аса бастады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында қос бірдей ұзақ мерзімді жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиевтің айтуынша, оның біріншісі «ашық аспан астындағы Жайық қалашығы музейі» болса, екіншісі - «Бөкей ордасы тарихи-музей кешені негізінде музей-қорық жасау». Күні бүгін облыс әкімдігі мен демеушілердің бірлесуімен жобаның алғашқы кезеңін жүзеге асыру басталды. Атап айтқанда, Жайық қалашығына кіреберісте арка орнатылуда. Оған қоса Бөкей ордасы ауданындағы музей кешені орналасқан Хан ордасы ауылына апаратын 21 шақырым жол құрылысы жүргізіледі. Шағын авиацияға арналған ұшу-қону жолағы да салынады.

Бұлардың екеуі де - Қазақстанның қасиетті орындары республикалық тізіміне енгізілген нысандар. 

Сонымен қатар Орал қаласында «Қасиетті Қазақстан» макетін жасау, басқа да бірқатар кешенді шаралар, ғылыми-зерттеу экспедициялары жоспарланып отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның мәдени жетістіктері» негізгі бағыты негізінде «Ұлы дала мәдениеті» «Ақжайық елі - мәдениет маржаны», «Достық, бірлік, татулық», «Мәдени жайлау» сынды қазақ мәдениетін таныту жобасы бойынша кітаптар мен музейлер көрмелері, орыс киносы апталығы, Ресей Федерациясының көршілес Саратов, Волгоград, Орынбор облыстарында қойылымдар мен концерттер көрсетілмек», - деді Қадырболат Қабдырұлы. 

Соңғы жаңалықтар