БҚО-да полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын сотталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  БҚО-ның Қаратөбе ауданында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Қаратөбе ауылының тұрғыны мас күйінде қызметтік міндетін атқарып жүрген жергілікті полиция қызметі ұйымдастыру мәселелері жөніндегі инспекторының ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттаған. Онымен қоймай, соққы жасаған.

Қаратөбе аудандық сотының үкімімен аталған тұрғын ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігі (билік өкіліне тіл тигізу), 380-бабына ( билік өкіліне күш қолдану) сәйкес айыпты деп танылып, оның бір жылға бас бостандығы шектелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар