БҚО-да полиция көлігі «Аудимен» соқтығысты: 1 адам қаза болып, 3-еуі жарақаттанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Батыс Қазақстан облысында патрульдік машина мен «Ауди» соқтығысып, бір адам қаза тапты. Тағы үш адам жарақаттанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оқиға 1 наурыз күні «Орал-Ақсай» жолы бойында Бөрлі ауданы Масайтөбе ауылы тұсында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, зардап шеккендердің барлығы ер адамдар. Олар Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шеккен екі адамды облыстық клиникалық ауруханаға ауыстыру мәселесі қаралуда. «Ауди» жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. 

БҚО Ішкі істер департаменті бұл оқиғаға қатысты ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Айта кетейік, бұл - соңғы күндері полиция қызметкерлерінің қатысуымен болған екінші оқиға. 27 ақпан күні Сырым ауданы Алғабас ауылы тұсында автобуспен түйіскен «ВАЗ-2114» автокөлігінің рулінде болған аудандық Ішкі істер бөлімі учаскелік инспекторының қаза болғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар