БҚО-да өзге елдің азаматтығын алғанын жасырған тұрғынға 453,8 мың теңге айыппұл салынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов аудандық №2 сотының қаулысымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 496-бабы 2-бөлігіне сәйкес өзге елдің азаматтығын алғандығын хабарламаған тұрғынға 200 АЕК көлемінде 453,8 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ер адам РФ азаматтығын алғанымен, оны ішкі істер органдарына хабарламаған. Соған байланысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданған болатын.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар