БҚО-да өткен жылы жоғалған тұрғынның денесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов ауданында өткен жылғы қарашада жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Абай Нәсіповтің айтуынша, Талдықұдық ауылында тұрған 1985 жылғы Дәуреннің денесі 22 сәуір күні кешкі сағат 21.00-де Қанаткөбік қыстағы маңындағы су арнасынан шыққан. Оны жергілікті тұрғындар тапқан.

Марқұм бүгін жерленді.

Еске сала кетейік, мал іздеуге өз көлігімен шыққан Дәурен Оразаевтың 18 қараша күні жоғалып кеткенін жазған болатынбыз. Содан кейін іздестіру жұмыстары жүргізілгенімен, еш нәтиже бермегендіктен, тоқтатылған еді.

 

Соңғы жаңалықтар