БҚО-да Олимпиада жеңімпазына 500 мыңнан ақша төленбек

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Биылдан бастап барлық қазақстандық спортшылар, олардың жаттықтықтырушылары, клуб жетекшілері алатын ай сайынғы төлемдерінің мөлшері заңмен бекітілді. Осыған орай БҚО әкімдігінің арнайы қаулысы қабылданып, аталған құжат биылғы 18 қыркүйектен күшіне енді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа жылдан бастап, мысалы, Олимпиада ойындарының жеңімпазына 500 мың, екінші орын иегеріне 450 мың, қола жүлдегерге 400 мың теңге төленеді. Әлем біріншілігі жүлдегерлеріне сәйкесінше 350 мың, 300 мың және 250 мың теңгеден төленеді. Мұндай төлемдер олимпиадалық емес ойын түрлері және командалық ойындар бойынша да қарастырылған. Ересектер ғана емес, жастар мен жасөспірімдер арасында да түрлі жарыстарда оза шапқандар ұмыт қалмайды. Осы кезге дейін облыста 29 спортшы ай сайынғы ақшалай төлемді алып тұрса, 2018 жылы олардың қатары 115-ке жетпек. Әр спортшымен келісімшарт жасалып, соның негізінде ол тиісті мөлшерде еңбекақы алып, тек БҚО намысын қорғауға тиісті болады. Өңір бюджетінен еңбекақы алатын, ұлттық құрама сапына енген спортшының нәтижесіне мониторинг жүргізіліп отырылады. Яғни олар дұрыс жаттықпай, спорттық тәртіпті бұзса, жарыста төмен нәтиже көрсетсе немесе допинг қабылдаса, төлем тоқтатылады. 115 спортшыға ай сайын 8,220 млн теңге, сондай-ақ 62 жаттықтырушыға 2,293 млн теңге, барлығы 10,5 млн астам теңге төленбек. Сонда бұл мақсатқа жылына шамамен 120 млн теңге жұмсалмақ. Бұл - спортшылар үшін үлкен қолдау. 

Соңғы жаңалықтар