БҚО-да «Мүлдем төзбеушілік» аясында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық тіркелді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 19-21 ақпан аралығында өткізілген «Мүлдем төзбеушілік» жедел алдын алу шарасы барысында 1918 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 245 адам қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және мас күйінде жүргені үшін жауапқа тартылды. 178 адам қала мен елді мекендерді абаттандыру ережесін бұзса, 165 адам ұсақ бұзақылыққа барған.  Сондай-ақ 78 адамның белгіленбеген орындарда сауда жасағаны, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында 66 құқықбұзушылықтың орын алғаны анықталды. Сол секілді кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатудың 8 дерегі белгілі болды.

Осы орайда Орал қаласы әкімдігі тұрғындармен тығыз байланыс жасау үшін Instagram және Telegram әлеуметтік желілері арқылы ұйымдастырған «Халықтық бақылау» жобасы аясындағы жұмыстарды атап өтуге болады. «Халықтық бақылау» жобасы бойынша тұрғындар жергілікті билікті фотобейне материалдар арқылы ақпараттандырып, аталған мәселелерді шешуге қатысады. Бұған полиция қызметкерлері де атсалысуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. 

Соңғы жаңалықтар