БҚО-да «Мейірімді көктем» жобасы қолға алынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысында Алғыс айту күні кеңінен атап өтілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
Облыс әкімі Алтай Көлгінов бастаған Ақ Жайық жұртшылығы алдымен кәріс этномәдени бірлестігі орнатқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументі алдына жиналып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қазақстан зұлмат жылдары жер аударылып келген бірқатар халық өкілдерін құшақ жайып, бауырына басқан болатын. Соның бірі - кәріс халқы. Осыған ризашылық ретінде 2014 жылы батысқазақстандық кәрістер аталмыш ескерткішті тұрғызған болатын.
null  

Бұдан кейін Достық үйінде облыстық қайырымдылық қызметі үйлестіру кеңесінің бірінші кеңейтілген отырысы өткізілді.
null  

Онда Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, осымен екінші рет тойланып отырған аталмыш мерекенің Ассамблеяның құрылған күнімен тұспа-тұс келуі тегін емес. Өткен ғасырдың отызыншы және қырқыншы жылдары басына қара бұл төніп, атамекендерінен айырылған кәріс, шешен-ингуш, неміс сынды ұлт өкілдеріне Қазақ елі пана болды. Қазақтың қонақжайлылығын көрген олар жаңа мекендеріне тез бауыр басып, Қазақстанды Отаным деп кетті. Бүгінде сан ұлт өкілдері қазақ халқының төңірегіне топтасып, еліміздің одан әрі өркендеп, дамуына өз үлестерін қосуда. Биылғы бір ерекшелік, көктемнің алғашқы күнінен бастап өңірде «Мейірімді көктем» жобасы қолға алынды. Бұл қайырымдылық ісіне кәсіпкерлер өз үлесін қосатыны анық. Кәсіпкерліктің кең қанат жаюына мемлекет жағдай жасап отырса, кәсіпкерлер де бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұмытқан емес. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстардың жалғасатыны күмәнсіз. 
null  

Жиында қайырымдылық қызметі бойынша үйлестіру кеңесінің ережесі, жұмыс жоспары бекітіліп, кеңес басшылары сайланды. Жедел штаб та құрылып, «Мейірімді көктем» жобасына қатысты өңір кәсіпкерлеріне үндеу қабылданды.

Алғыс айту күніне орай қайырымдылық істерімен көзге түсіп жүрген кәсіпкерлер облыс әкімінің алғысхаттарымен марапатталды.

Мерекелік шара Достық үйінің алдында облыс әртістері қойған концертке ұласты. 
null null  

Соңғы жаңалықтар