БҚО-да қыз зорламақ болған күдікті қолға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қыз зорламақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, 10 қаңтар күні сағат 20.30-да Шыңғырлау ауылында жасы 35-40 шамасында, бойы 170-175 см, азиат пішіндес белгісіз ер адам кәмелетке толмаған И-ді зорламақ болған. Оның үстіне күш қолдана отырып, қыздың ұялы телефонын тартып алған. Содан кейін бой тасалаған.

Үш күнге созылған жедел іздестіру шаралары барысында күдікті 13 қаңтар күні құрықталып, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Ол бұрын сотталған, еш жерде жұмыс жасамайтын Шыңғырлау ауданының Н. деген тұрғыны болып шықты.

Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар