БҚО-да қыстаққа қасқыр кіріп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қыстаққа қасқыр кіріп кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі Қайыржан Елешевтің айтуынша, оқиға кеше түс мезгілінде «Қызыл ағаш» қыстағында орын алған. Түз көкжалы осында орын тепкен «Орес» шаруа қожалығының қорасына кіріп кеткен.

Абырой болғанда, қожалық қызметкерлері «күтпеген қонақты» дер кезінде байқап қалған. Осыны сезген бөрі далаға зытып отырған. Малшылар оның артынан «Буран» қаршанасымен қуып, қыстақтан үш шақырым жерден ұзатпай, атып алған.

Айта кетейік, өңірде мұндай тосын жағдай биыл әзірге бірінші рет болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар