БҚО-да құсбегілердің «Қансонар» республикалық турнирі өтіп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы іргесіндегі «Жайық қалашығы» маңында бүгін құсбегілер арасында «Қансонар» республикалық турнирі басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов мұндай жарыстың Ақжайық өңірінде алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.

«Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес қазіргідей жаһандану заманында ұлттық салт-дәстүрлерді, бабаларымыздан мирас болып келе жатқан спорт түрлерін дамытудың маңызы зор. Соның бірі - құсбегілік өнер. Бұл орайда Батыс Қазақстанда да тиісті жұмыстар қолға алынуда», деді Ғ.Оспанқұлов.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов, ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара өтіп жатқан жерге үш киіз үй тігілген, оның біреуінде қолөнер шеберлерінің бұйымдары сатылуда. Екіншісінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлері қойылған. Тағы бір үйде бауырсақ, көже тегін таратылды.

null null null null 

Ертең мәреге жететін турнирге республика өңірлерінен 30-ға жуық құсбегі қатысуда.

null null null  

Әзірге Ақмола, Жамбыл, Атырау облыстарының өкілдері сәтті өнер көрсетуде.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар