БҚО-да күн күрт суытады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 7 желтоқсаннан 8-іне қараған түні Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, алдағы түнде Оралда 23-25 градус аяз болмақ.

Осыған байланысты ТЖ департаменті тағы да ескерту жариялап, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында шұғыл шаралар алынып жатқандығын хабарлады.

Айта кетейік, өңірде соңғы күндері ауа райы тұрақсыз болып тұр. Кеше бұрқасын көтеріліп, оңтүстік-батыстан қатты жел тұрып,  ой-шұңқырды қармен бітеп тастаған болатын. Бұл жөнінде ТЖ департаменті 5 желтоқсан күні ескерткен еді. Бүгін де кей жерлерде боран соғып тұрғаны жөнінде тұрғындар хабарлауда. 

Соңғы жаңалықтар