БҚО-да қос бірдей басқарманың басшысы ауысты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қос бірдей басқарманың басшысы ауысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымына Бибігүл Ниетқалиева тағайындалды.
null 

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бибігүл Әбдіғалиқызы 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1994 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бухгалтер экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Орал қаласы қаржы бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Бүгінге дейін БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары болды.

Сонымен қатар Айгүл Бақытжанқызы Салахатдинованың зейнетке шығуына байланысты Дулат Имашев БҚО қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
null 

Дулат Бауыржанұлы 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1999 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Д.Имашев әр жылдары БҚО қаржы басқармасында жетекші, бас маман, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті БҚО бойынша басқармасында бас маман, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында басшының орынбасары қызметтерін атқарды. Бүгінге дейін БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов аталған басқармалар ұжымдарына жаңа басшыларды таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар