БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін түстен кейін Орал-Атырау жолының 70-72-шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға Зеленов ауданы Янайкин ауылдық округіне қарасты Богатск елді мекені тұсында болған.

Дэу-Нексия мен ВАЗ-2199 автокөліктері бетпе-бет соқтығысып, соның салдарынан жасы сексенге жуықтаған әйел адам оқиға орнында көз жұмған. Ауыр жарақат алған қос автокөліктің жүргізушілерін жедел жәрдем бригадасы алып кеткен.

Оған қоса Дэу-Нексия автокөлігі отқа оранды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, қазіргі кезде қолайсыз ауа райына байланысты Батыс Қазақстан облысында барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды.

Соңғы жаңалықтар