БҚО-да көлік өртеніп, жолаушы көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апатынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 22 қаңтар күні сағат 21.30 шамасында Орал-Атырау күре жолы бойында, Зеленов ауданы Янайкин ауылы тұсында «Тойота Камри» және «Тойота Хайлюкс» автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша «Тойота Хайлюкс» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен.

Жол апаты салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінде отырған жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Қос жүргізуші де түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Оған қоса «Тойота Хайлюкс» түгелдей өртеніп кеткен.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар