БҚО-да қатты жел мектеп пен үйдің шатырын жұлып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 29 наурыз күні соққан қатты жел Қазталов ауданында тұрғын үй мен мектептің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Аудан орталығы Қазталов ауылындағы Ш.Шарафутдинов көшесі №9 мекенжайындағы жеке кәсіпкер Сәуле Омарованың үйінің (дәріханасы бірге орналасқан) шатырын қатты жел төңкеріп тастады. Төрт пәтерлік үй болып есептелетін бұл ғимаратта осыдан екі жыл бұрын тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмысы жүргізілген екен. Үй иесінің айтуынша, оған 4 млн. астам теңге жұмсалыпты.


Осы күні сағат 14.50 шамасында қатты жел Бостандық ауылындағы үш қабатты орта мектептің шатырын жартылай жұлып әкетті. Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Алтын Ақбаеваның айтуынша, желдің жылдамдығы секундына 27-28 метрге жеткен көрінеді. 1982 салынған ғимараттың бұдан бұрын да 2015 және 2016 жылдары шатырын жел жұлып әкеткен екен. Оқиға биыл да қайталанып отыр. Осыған орай аудан орталығынан ТЖ мамандары келіп, тексеру жұмыстарын жүргізді.

null  

Абырой болғанда, екі оқиға кезінде де зардап шеккендер жоқ. Мектеп оқушылары бұл күндері демалыста.

null  

Айта кетейік, 28 наурыз күні БҚО ТЖ департаменті өңірде 29 наурызда күн жауын-шашынды болып, бұрқасын соғып, желдің күшейетіні жөнінде ескерту жариялаған еді. Сондықтан табиғаттың «тосын сыйынан» кейін мұндай күйге ұшырағандар басқа жерлерде де болуы әбден ықтимал. 

null 

В Западном Казахстане сильный ветер сорвал крышу в одном из домов

Публикация от 🇰🇿© ZTB.KZ 2017 (@ztb_video) Мар 29 2017 в 10:30 PDT

Соңғы жаңалықтар