БҚО-да қаруды заңсыз сақтаған тұрғынға айыппұл салынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қаруды заңсыз сақтаған тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі аудандық соты Е. деген азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 482-бабы 1-бөлігіне сәйкес (ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қаруды, оның оқ-дәрісін заңсыз иелену, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік іске нүкте қойды.

Сотта анықталғанындай, өткен жылғы 4 желтоқсанда сағат 22.30 шамасында полиция қызметкерлері Е-ден  сараптама қорытындысына сәйкес ИЖ-43 маркалы 12 калибрлі қос ұңғылы аңшы мылтығы мен 11 оқ-дәріні тапқан. Оны аталмыш азамат заңды құжаттарсыз сақтаған.

Сот қаулысымен Е-ге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, қару тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, БҚО ІІД  баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 2017 жылы қаруды өз еркімен тапсырған облыс тұрғындарына 8 млн теңге төленді.

Соңғы жаңалықтар