БҚО-да қарасора өсірушілерден 50 млн. астам теңгенің есірткісі тәркіленді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Зеленов ауданы Шолпан ауылынан бірнеше шақырым жерде, Жайық өзеніне таяу ормандағы үлкен алқапта заңсыз қарасора өсірумен айналысқан үш адамды қолға түсірді.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олар Қызылорда қаласының 1951 және 1962 жылғы қос тұрғыны, тағы біреуі 1964 жылғы П. деген оралдық болып шықты.

Барлығы 1965 бұта қарасора және 132 келіден астам марихуана тәркіленді. Күдіктілерден сондай-ақ қарасора өңдейтін құралдар табылды. Сарапшылардың бағалауынша, қарасора бұталарынан басқа тәркіленген есірткінің құны 50 млн. теңгеден асады.

Қазіргі кезде аталған үш тұрғын Орал қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 300-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар