БҚО-да қар құрсауынан 53 техника шығарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Батыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 53 техника шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 9 наурыз күні сағат 21.06 шамасында Тасқала ауданында, Орал-Тасқала-РФ шекарасының 82-104 шақырымы аралығында көптеген автокөлік тұрып қалды.

Аудандық ТЖ бөлімі, жергілікті полиция қызметі мен атқарушы органдар және «Юнисерв» ЖШС-ның күшімен жолдың тазартылған бөлігіне 53 техника шығарылды. Соның ішінде 9 жүк көлігі, 4 автобус, 4 шағын автобус және 34 жеңіл көлік болды.

Еске сала кетейік, күшті бұрқасынға байланысты 8 наурыз күні жергілікті сағат 17.00-ден бастап Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолының жабылғаны жөнінде жазған болатынбыз. Одан кейін 9 наурыз күні Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы бағыты бойынша да жол қозғалысы шектелген еді. 

Соңғы жаңалықтар