БҚО-да халық театрларының аймақтық фестивалі өтуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тасқала ауданы орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тасқала аудандық театрының 10 жылдығына арналған «Азаттықтың ақ таңы» атты халық театрларының аймақтық фестивалі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null
Оған Қызылорда облысының Арал, Атыраудың Индер, Батыс Қазақстанның Ақжайық, Жәнібек, Қазталов, Сырым, Тасқала аудандарынан барлығы тоғыз халық театрының ұжымы қатысып, өз спектакльдерін қойып, бақтарын сынауда.

Фестивальге белгілі режиссер, театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов бастаған мамандар қазылық етуде. Мәртебелі меймандар «Азалы ана» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойғаннан кейін  аудандық мәдени-демалыс орталығындағы Тәуелсіздік залында оқушылардың қолөнер көрмесін тамашалады. Осы жерде «Ақтілеу» әжелер ансамблі әзірлеген дастарханнан дәм татып, ақжарма тілектерін білдірді.

null  

Шараның ашылу рәсімінде Тасқала аудандық халық театры туралы бейнеролик көрсетіліп, театр ұжымдары мен қазылар алқасы таныстырылды.

Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев аудандық халық театры ұжымын өнердегі бір белесімен құттықтап, режиссері Жанар Бисенғалиеваға туған күніне орай алғыхат пен гүл шоғын табыс етті.

null  

«Бұдан бес жыл бұрын халық театрларының облыстық фестивалін өткізгенбіз. Енді, міне, республикалық-аймақтық деңгейде ұйымдастырылуда. Бұл аудан-ауылдардағы халық театрларының көркемдік деңгейі қаншалықты екендігін көрсетеді. Сонымен бірге олар театр мамандарының пікірлерін тыңдап, бір-бірімен тәжірибе алмасады. Оған қоса тәуелсіздік мейрамы қарсаңында аудан жұртшылығы театрлардың қойылымдарын көріп, бір серпіліп қалатын болды. Фестивальді ертең қорытындылаймыз», деді ҚазАқпарат тілшісіне аудан әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева.

null null

Соңғы жаңалықтар