БҚО-да газдан уланған ана мен сәбидің жағдайы қалыпты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов ауданында  газдан уланған ана мен сәбидің жағдайы қалыпты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Январцев ауылдық округінің әкімі Абылай Жұмағалиевтің айтуынша, оқиға осы округке қарасты Красноармейск елді мекенінде кеше кешке болған.

Сол ауылда тұратын 1986 жылғы келіншек пен оның төрт айлық нәрестесі үйдегі газ ақауынан уланған. Үйде сол күні адамдар бас қосып, спирттік ішімдік ішілген. Сәбилі екендігіне қарамастан, ішкілікке бой алдырып жүрген Е-нің тұрақты жұмысы жоқ көрінеді.

Абырой болғанда, ана мен бала Дариян ауылындағы аудандық ауруханаға жедел жеткізілді. Бас дәрігер Ғабитжан Ислямов қазір олардың жағдайы қалыпты екендігін, денсаулықтарына ешқандай қауіп төніп тұрмағандығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар