БҚО-да газ бағасы көтерілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында сұйытылған және табиғи газ бағасы өсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, сұйытылған газды өткізетін ірі мекеменің бірі «Тәуекел» ЖШС Орал қаласындағы газ құю стансасындағы жанар-жағар майдың әр литрінің бөлшек саудадағы бағасын 68-ден 69 теңгеге көтерген. Дегенмен сұйытылған газдың көтерме бағасы өзгеріссіз қалды. Өңірде сұйытылған газдың бөлшек саудасымен «Тәуекелмен» қатар «ВКSS» және «Алау» ЖШС айналысады.

Басқарманың бөлім басшысы Бейімбет Мусиннің сөзіне қарағанда, бағаны әзірге «Тәуекел» ЖШС ғана көтеріп отыр. Өткен жылдың 5 желтоқсанында отынның әр тоннасы үшін шекті баға жөнінде келісім жасалған. Сұйытылған көмірсутекті газды облыстың ішкі нарығына «Жайықмұнай» ЖШС көтерме бағамен жеткізеді. Ол бағаны өсірген жоқ.

Облыста сондай-ақ биылғы 1 қаңтардан бастап тұрғындар және заңды тұлғалар үшін табиғи газ бағасы да 4 пайызға көтерілді. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан филиалынан түскен мәліметке қарағанда, осыған дейін газ бағасы 1 мың текше метр үшін 17186 теңге болса, енді ол 17812 теңгені құрап отыр. 

Соңғы жаңалықтар