БҚО-да екі адам автокөлігімен суға кетті

None
None
  ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов ауданы Бостандық ауылының қос тұрғыны кеше кешкісін «Нива» автокөлігімен мал іздеп жүріп, абайсызда суға түсіп кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бойынша бас маманы Болат Данияловтың айтуынша, хабар шамамен сағат 21.00-де түсіп, аудан орталығы Қазталовтан құрамында ТЖ мамандары бар топ оқиға орнына жеткен.

«Автокөлікті кранмен тартып шығарған кезде екі адамның мүрдесі табылды. Олардың екеуі де Бостандық ауылының 1972 және 1973 жылғы тұрғындары екен», деді Б.Даниялов.

Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Жылти қыстағы маңында болған. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар