БҚО-да боран соғып, көктайғақ болып жатыр: жолдар жабық

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар қызметі департаменті тұрғындарды күшті жел соғып, көктайғақ болатыны туралы ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мереке күндері яғни, 22-23 наурызда Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Осы күндері боран соғып, көктайғақ болайын деп тұр.

Оралд ауа райы күніне бірнеше мәрте өзгереді. 21 нарыз күні ұсақ жаңбыр жауып, кешкісін үздіксіз қар жапалақтайды.

20 наурыз күні қарсаңында БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Атырау-Орал және Жымпиты-Ақтөбе трассасының жабылғанды туралы ескерткен болатын. Осындай ескертулерге қарамастан ауа райының тұрақсыздық жағдайында БҚО тұрғындары өмірлерін тәуекелге тігіп,, ауыларалық және республикалық жолдарға шығып жатыр.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында сағат 22-30-дан бастап, трассалардың барлық көлік түрлері үшін жабылғандығы мәлім болды. «Қазавтожол» РМК сайтында жолдың жабылуына қардың қалың түсуі, жаңбыр, көктайғақ пен боран себеп болғандығы айтылады.

Соңғы жаңалықтар