Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 340.11
EUR 407.93
RUB 5.91
CNY 51.61

БҚО-да биыл 15 млрд теңгеге 11 жоба жүзеге асырылмақ

БҚО-да биыл 15 млрд теңгеге 11 жоба жүзеге асырылмақ
2017 жылғы 18 шілде 02:30 856

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл Елбасы тапсырмасына сәйкес «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында құны 15 млрд теңгеге бағаланған 11 жобаны жүзеге асырып, 1100 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгінов Оралдағы бірқатар кәсіпорындарды аралаған кезде белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Соның ішінде үш жобаны іске қосу мақсатында шетел инвесторлары тартылды. Жуырда ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында БҚО әкімі Финляндия елінің басшысымен кездескен болатын. Финдер БҚО аумағында үш жобаны жүзеге асыруды бастады. Соның бірі - «Стекло-Сервис» ЖШС-мен бірлескен жоба. Кәсіпорын есік-терезелер шығарумен қатар алдағы уақытта фин технологиясы негізінде жиһаз өндірісін жолға қоюды ойластыруда.

Сол секілді БҚО-да Швейцария және Түркия елінің кәсіпкерлерімен бірлесіп құрылған «Орал электрик» кәсіпорны сұранысқа ие сапалы өнім түрлерін, яғни электр техникалық жабдықтар ұсынбақ. Ал ирандық «Фализан» компаниясымен бірлескен кәсіпорын мұнай-химия өнімдерін шығармақшы. Бұл жобалардың барлығы экспортқа бағытталған.


БҚО-да биыл 15 млрд теңгеге 11 жоба жүзеге асырылмақ
«Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ - италиялық технологиялар көмегімен жоғары сапалы өнім шығаратын кластерлік өндіріс. Комбинат тек ішкі сұранысты ғана қанағаттандырып қоймай, экспортқа да өнім жөнелтеді.

«Агран» ЖШС - оңтүстік кореялық құрылғылар көмегімен сэндвич-панель шығаратын заманауи кәсіпорын. Аталмыш өндіріс орнының өнімдеріне сұраныс өте жоғары, тек Батыс Қазақстан облысы үшін жылына 150 мың шаршы метр өнім қажет. Алдағы уақытта «Агран» ЖШС жылына 500 мың шаршы метр өнім шығаруды жоспарлап отыр. Биыл зауыт 6 пайыздық мөлшерлемемен субсидия түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды, енді кәсіпорын өз өнімдерін экспортқа бағыттауды көздеп отыр.

Осы өндіріс орындарының жұмысымен танысқан Алтай Көлгінов аталған жобалар алдағы уақытта БҚО әкімдігінің қадағалауында болатындығын және инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасын табатындығын жеткізді. 

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Кәсіпкерлік, бизнес, Бизнестің жол картасы - 2020, Батыс Қазақстан облысы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер