БҚО-да биыл 14,8 млрд. теңгеге 255 км автожол жөнделмекші

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Қазталов күре жолын күрделі жөндеу барысымен тағы бір рет танысып, жұмыстарды пысықтап қайтты.

Өңір басшысының айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес жолдарды күрделі жөндеуге байланысты қаржыдан кідіріс жоқ. «Аталған жолдың 18 шақырымын күрделі жөндеу биылғы қазанда аяқталуы тиіс. Қазіргі кезде жұмыс Қазталов ауданы Жалпақтал ауылы тұсында жүргізілуде. Бар болғаны 6 шақырымға асфальт жабын төсеу қалды. Алдағы жылы Қазталов ауылына дейін қатқыл табанды жол төсеу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалады. Бұл жөнінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен келісім жасалды. Өңірде биыл барлығы 255 км жол жөнделуде. Барлық жол учаскелерінде жөндеуді уақытында бітіру көзделуде», деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, жолдарды жөндеуге 2014 жылы 10,5 млрд. теңге (82,9 км), өткен жылы 11,6 млрд. теңге (131,3 км) бөлінсе, биыл 14,8 млрд. теңге қарастырылған болатын. Егер Қазталов ауданы орталығы Қазталов ауылына (ол Жалпақталдан 60 шақырым қашықтықта жатыр) дейінгі жол реттелсе, Батыс Қазақстанда қатқыл табанды жол жетпеген екі-ақ аудан (Бөкей ордасы мен Жәнібек) ғана қалады.  Биыл сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытындағы жолды қайта құру жұмыстары (жалпы құны - 23 млрд. теңге) жалғасуда. 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар