БҚО-да бір жылда 19 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөнделді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 19 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөнделді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Соның бірі - Теректі аудандық орталық ауруханасы бүгін пайдалануға берілді. Оның ашылу рәсіміне Мәжіліс депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Бақтияр Мәкен, облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.
nullnull

Аталмыш аурухана ғимаратында құрылыс-жөндеу жұмыстары 2017 жылдың шілде айында басталған. Оған облыстық бюджеттен 480 млн жуық теңге жұмсалды.

Облыс басшысының атап өткеніндей, өңірде Елбасы тапсырмасына сәйкес барлық салада тиісті жұмыстар атқарылуда. Өткен жыл Теректі ауданы үшін де жемісті болып, ауылдарға газ, су құбыры тартылып, жолдар мен мектептер жөндеуден өтті.
nullДенсаулық сақтау саласында облыста соңғы екі жылда  жедел жәрдем қызметінің 80 көлігі сатып алынды. Қазір облыс орталығы мұндай көліктермен толық қамтылды. Енді аудандарды да қамтамасыз ету жоспарлануда. Сол секілді білікті маман даярлау мәселесіне де ерекше назар аударылуда. Биыл жергілікті бюджет есебінен 24 мектеп түлегінің медициналық ЖОО-дағы оқу ақысы төленуде. Олар келгеннен кейін өңірдегі медициналық мекемелерде қызмет ететін болады. Мысалы, өткен жылы облысқа 84 жас маман келсе, соның 42-сі аудандарға жіберілді. Сондай-ақ Елбасының экономиканың барлық саласын цифрландыру бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында да ауқымды шаралар атқарылуда.

Сапар барысында Мәжіліс депутаты З.Аманжолова аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, өзінің дәрігерлік тәжірибесімен бөлісті. 
null

Айта кету керек, аудандық аурухана ғимараты 33 жылдан бері жөндеу көрмеген. Өткен жылы облыс әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі кезінде ақсақалдар осы аурухананы жөндеу мәселесін көтерген еді.

null

Соңғы жаңалықтар