БҚО-да бір күнде бес жүзден астам құқықбұзушылық тіркелді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанда бір күнде 539 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде 12-14 желтоқсан аралығында «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша 65 адамның ұсақ бұзақылыққа барғаны белгілі болды. Сондай-ақ арақ ішіп, қоғамдық орынға барудың 86 дерегі тіркелген. 11 адам автокөлік рөліне мас немесе есірткіге елтіген күйінде отырған. Қауіпсіздік белбеуін тақпаудың 61 дерегі анықталды. Оған қоса 9 адам ҚР көші-қон заңдылығын бұзған.

Соңғы жаңалықтар