БҚО-да бір айдың ішінде 700-ден астам ұрлық тіркелді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өткен айда 709 ұрлық тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде ұялы телефон ұрлығы (169) көп тіркелген. Содан кейін пәтер ұрлығы 126-ға жетсе, мал ұрлығы да (66) аз емес. Қалтаға түсушілер де (46) баршылық. Есесіне бір ғана автокөлік қолды болған екен.

Қазіргі таңда ұялы телефон ұрылардың көзқұртына айналып отыр. Бір айда олар ұялы телефонның 31-ін қалтадан, 12-сін сөмкеден суырып әкетсе, 120-ін еркін жымқырған, алтауын пәтерден үптеп кеткен. Ұялы телефон ұрлығының 146-сы Оралда, 12-сі Зеленов ауданында, үшеуі Бөрліде тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар