БҚО-да бес баланың анасы асылып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында 1979 жылғы М. есімді әйел өз үйінде асылып қалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Жалпақтал полиция бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 4 тамыз күні болған. Марқұмның денесінде ешқандай жарақат болмаған. Оның соңында бес бірдей бала жетім қалды.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Қазталов ауданының Жалпақтал аумағында биыл жыл басынан бері осындай үш оқиға тіркеліп отыр.

Соңғы жаңалықтар