БҚО-да әйел мен сәби газдан уланып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында газдан уланған әйел мен сәби ауруханаға түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 16 қаңтарға қараған түні сағат 00.00-де Зеленов ауданы Красноармейск ауылы Набережная көшесі, №27 үйде оқыс оқиға болды.

Табиғи газбен жылытылатын пештің істен шығуына байланысты 1986 жылғы келіншек пен 2017 жылғы бала уланған.

Айта кетейік, 2017 жылы өңірде өрт болмай-ақ, газдан 2 адам уланып қаза тапты. Сондай-ақ өрт кезінде газдан уланған 9 адам көз жұмды. Оған қоса өрт кезінде 3, өртсіз оқиғадан 16 адам жарақат алды.  

Соңғы жаңалықтар