БҚО-да «Автобус» шарасы аясында 1618 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы аясында 1618 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 22 қаңтар - 18 ақпан аралығында өткізілген шара кезінде 208 жүргізушінің жылдамдықты шектен тыс арттырғаны анықталды. Автобусты заңсыз жабдықтаудың 8 дерегі тіркелді. 30 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін тоқтатылды. Түрлі құқықбұзушылық үшін 13 автобус айып тұрағына қойылды. Жолаушы тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындардың 16 лауазымды қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар осы мезгілде жол-патрульдік полиция қызметкерлері облыс жолдарында 17 қырғызстандық және 42 өзбекстандық азаматты эвакуациялауға қолұшын берді.

Айта кетейік, өңірде 20-22 ақпан аралығында «Пәтер» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Облыстық ішкі істер департаменті 118 күзет қызметі нысанына бақылау жасайды. Сондай-ақ 8 жеке күзет ұйымы бар. Қазіргі таңда 757 үй мен пәтер орталық бақылау нүктесіне қосылған. Оған қоса 23 жеке үйге де күзет қойылған.

Соңғы жаңалықтар