БҚО-да ауа райына байланысты тағы да бірқатар жолдар жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тағы да тас жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, көктайғаққа байланысты жергілікті сағат  21.00-ден бастап Орал-Атырау, сондай-ақ  Чапаев-Жалпақтал-Қазталов жолдары жабылды.

Осылайша қолайсыз ауа райына байланысты өңірде қауіпсіздік шаралары алынуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын боранға байланысты Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолы жабылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар