БҚО-да алдағы жылы жол жөндеуге 18,7 млрд теңге қаралып отыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2018 жылы жол жөндеуге бюджет есебінен 18,7 млрд теңге қаралып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, осы қаржыға 145 км облыстық және аудандық маңызы бар жолдар салынып, күрделі және ағымдағы жөндеуден өтетін болады.

Басқарма басшысы Қайсар Маңқараевтың айтуынша, өңірде автомобиль жолдарының жай-күйі өзекті мәселе болып табылады. Биыл жол жөндеуге 14,1 млрд теңге бюджеттік қаржы жұмсалды. Барлығы 419 км жол жөнделді.

Айта кетейік, 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру үшін 14,0 млрд теңге бөлінді. Осы қаржы есебінен республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолының 15,2 шақырымы (екі жылда - 43,3 км) қайта салынды. Ресейдің Саратов облысымен байланыстыратын бұл жол құрылысын алдағы жылы бітіру көзделуде. «Нұрлы жол» қаржысына сондай-ақ Оралдағы төрт мектеп құрылысы аяқталып келеді. Оған қоса 184 км сумен қамту және 2,6 км жылумен қамту жүйелері ретке келтірілді.

Соңғы жаңалықтар