БҚО-да адам көп жиналатын 25 нысанда өрт қауіпсіздігі тексерілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында өрттің алдын алу бағытында 25 нысан тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша,  ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасына сәйкес өңірде көпшілік жиналатын 77 нысанды тексеру көзделуде. Соның ішінде өрт қаупі жоғары 55 сауда орны бар.

Осы кезге дейін 25 нысан тексеріліп, соның қорытындысына сәйкес 613 бұзушылық анықталды. 21 әкімшілік материал толтырылып, сол бойынша кәсіпкерлерге 573 805 теңге айыппұл салынды.

Бұл жұмыс одан әрі жалғасуда.

Өрт қаупі жоғары сауда орындарын тексеруді 27 сәуірге дейін аяқтау жоспарлануда.

Еске сала кетейік, Оралда сауда орталықтарының тексеріле бастағаны жөнінде бұдан бұрын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар