БҚО-да 22 оқушы ауруханаға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -  Кеше кешкісін Бөрлі аудандық ауруханасына Ақсай қаласы маңындағы Қызылтал ауылындағы мектептен 22 бала түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Дамир Көпжасаровтың айтуынша, оқиға орнына Орал қаласынан осы мекеме және облыстық денсаулық сақтау басқармасынан арнайы мамандар барған. Тексере келгенде, балалардың тамақтан уланбағаны, сондай-ақ жұқпалы ауруларға шалдықпағаны анықталды.
null
Қазіргі кезде ауруханада бес бала қалған, қалғандары үйлеріне жіберілген. Яғни 6-7-сыныптарда оқитын балалар фарингитпен ауырған.

Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералин де растады.

Соңғы жаңалықтар