БҚО-да 20 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл 20 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, 8 мыңдай адам бос жұмыс орындарына орналасатын болады. 4 мыңнан астам адам кәсіби білім алса, 400-ден астамы несиелер мен гранттарға қол жеткізбек.

2017 жылы жұмыспен қамту саласында кешенді бағдарламалармен 27500 адам қамтылды. 14 мыңнан астам жұмыс орындары ашылса, соның 11 мыңнан астамы - тұрақты. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда, 2 мың жұмыс орнына көп.

«Жалпы, 2018 жылы атқарылатын жұмыстар Елбасының биылғы Жолдауындағы басым бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады. Мысалы, индустрияландыру тұрғысынан тағы жеті жобаны енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл іс сәтті орындалған жағдайда қосымша 150 жұмыс орны ашылады», деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар