БҚО-да 14 мыңнан астам оқушыға қазақ тілін үйренуге жағдай жасалған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 14 мыңнан астам оқушыға қазақ тілін үйренуге жағдай жасалған. Бұл туралы Достық үйінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының басталу рәсімінде айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Халықаралық ана тілі күні аясында өткен аталмыш жобаның ашылу рәсімінде мәлім етілгеніндей, өткен жылы ұйымдастырылған дөңгелек үстел, семинар, курс, тренинг, ұлттық-спорттық ойындарға 10 мыңдай бала қатысып, соның 2345-і мемлекеттік тілді біршама меңгеріп үлгерді.
null 

«Үш тұғырлы тіл - заман талабы» атты дөңгелек үстелге қатысушылар елімізде қазақ тіліне басымдық берілгені, мемлекеттік тілді сапалы үйренудің жолдары және үш тілділікке кезең-кезеңмен көшу жөнінде сөз қозғады. БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың айтуынша, қазіргі кезде облыста үш тілділік аясында 57 маман дәріс береді. «2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың жол картасына» сәйкес өткен жылы жергілікті бюджет есебінен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті базасында 583 жаратылыстану-математика пәндері мұғалімі үшін ағылшын тілін үйрену курсы ұйымдастырылды. Ал М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 45 мұғалім білімін жетілдірді. Осындай курстар мен дәрістер, тәжірибе алмасулар биыл да ұйымдастырылмақ.
null 

Облыста үш және одан көп тіл білетін оқушылар аз емес. Мысалы, Орал қаласындағы №23 орта мектептің 8-сынып оқушысы Фатима Абдирова төрт тілде сөйлейді. «Менің анам - қазақ, әкем - түрік. Мен қазақ, орыс, түрік тілдерінде еркін сөйлеймін, ағылшын тілін үйрену үстіндемін. Мемлекеттік тілді білуге арналған қалалық байқауларға қатысып жүрмін. Қазақ елінде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін білсең, рухани жағынан одан сайын байи түсесің», дейді ол. Ал Оралдағы №35 мектеп-лицейінің шәкірті Анна Корсун жуырда мемлекеттік тіл байқауында өлең оқудан үшінші орынды иеленді. Сол секілді №36 орта мектептің 8-сынып оқушысы, ұлты әзірбайжан Дильназ Мустофаева, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің 2-курс студенті, белорус жігіті Иван Миронков қазақ тілін жақсы біледі.
null 

Тасқала ауданының түлегі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген украин қызы Ирина Жилик №26 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берумен бірге еврей этномәдени бірлестігінің жұмысына да атсалысып келеді.
null 

Дөңгелек үстелді қорытындылаған Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов үш тілді үйрену заман талабы екендігін, оның адамды жан-жақты қалыптастыруға ықпал ететіндігін жеткізді.

Осы күні сондай-ақ «Достық,  келісім және тағаттылық» тақырыбында ашық сабақтар да өткізілді. Белсенді жұмысымен танылғандар мен өнерлі балалар марапатталды.

Соңғы жаңалықтар