БҚО-да 12 жасар оқушы асылып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңақала аудандық ішкі істер бөліміне 23 қыркүйек күні кешкі сағат 20.30-да Жаңажол ауылдық округінен 2004 жылғы жасөспірімнің өз үйінің ауласындағы гаражда асылып қалған күйінде табылғаны жөнінде хабар түскен.

БҚО ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ол Айдархан орта мектебінің 7-сыныбында оқыған. Мектепте оқушылармен қарым-қатынасы жақсы болған. Отбасы да тұрмыс тапшылығын көрмеген.

Аталған дерек ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар