БҚО: Березов және Бестау ауылдарының тұрғындарын көшірудің екінші кезеңі жаңа жылда жүзеге асырылмақ

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Березов және Бестау ауылдарының тұрғындарын көшірудің екінші кезеңі жаңа жылда жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов мәлім етті.

Оның айтуынша, барлығы 373 үй, соның ішінде Березовтан 349, Бестаудан 24 үй немесе 1455 адам қоныс аудармақшы. Қазіргі таңда Ақсай қаласындағы Қарашығанақ-1 шағынауданында 153 пәтерлік 9 қабатты екі үйдің құрылысын «Азиятехстрой» және «АТК» компаниялары жүргізуде. Бұл үйлерде бір бөлмелі 36 пәтер, екі бөлмелі 54 пәтер, үш бөлмелі 27 пәтер және төрт бөлмелі 27 пәтер болады, көлемдері сәйкесінше 52, 68, 88 және 102 шаршы метр. Оған қоса Ақсай қаласына қарасты Аралтал ауылында бір қабатты 100 тұрғын үй салынуда. Үш бөлмелі 50 үйді «Марасант» ЖШС, төрт бөлмелі 50 үйді «Строительная инициатива» ЖШС іске қоспақшы. Барлық үйлерді биылғы желтоқсан айында сапалы салып бітіру көзделуде.

null  

-Ендеше, тұрғындарды сол мезгілде неге көшірмеске?

-Бұл жерде біз сол тұрғындардың талап-тілегін ескеріп отырмыз. Олар қыстың көзі қырауда емес, көктем, жаз айларында көшкісі келеді. Біріншіден, олардың қосалқы шаруашылықтарында малы бар, екіншіден, оқу жылы басталып кеткеннен кейін соны балалары Березов орта мектебінде аяқтағысы келеді. Мұны ескермей және болмайды. Сонымен қатар тұрғындардың денсаулықтары үнемі назарда. «ҚПО б.в.» компаниясының қолдауымен зейнеткерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері, сондай-ақ оқушылар сауықтыру орталықтарына жіберілуде. Алдағы күзгі демалыс кезінде де 30 бала қазақстандық шипажайлардың біріне барып, ем алмақшы.

Жалпы, барлық мәселе облыс әкімі Алтай Көлгіновтің тікелей бақылауында, соған сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, тұрғындар кездесу кезінде құрылыс барысын өздері бақылағысы келетіндігін айтқан болатын. Соған орай арнайы комиссия құрылып,  олар Ақсай қаласына апта сайын келіп, құрылысты қадағалауда. Комиссияның кейбір келіспейтін тұстары қаралып, өз шешімін тапты. Техникалық су мәселесі де шешіледі. Тапсырыс беруші «ҚПО б.в.» компаниясының қосымша қаржыландырылуымен әр жеке үйдің ауласында техникалық су құйылатын құдық қазылатын болды.

-Жаңадан қоныстанатын тұрғындар үшін әлеуметтік нысандар салынып, инженерлік инфрақұрылым тартылып жатқан болар?

-Әрине, Аралталда 300 орындық мектеп құрылысы биылғы тамызда басталды. Бас мердігер «РаЗаСтрой» ЖШС бұл ғимаратты бір жылда, яғни 2017 жылдың тамызында бітірмекші. Инженерлік инфрақұрылымды «KSG» ЖШС тартуда. Жаңа үйлер сумен, газбен қамтылып, көше жолдары салынатын болады. Қарашығанақ-1 шағынауданында 320 орындық балабақша салынып жатқаны белгілі. «УральскСтройИнвест» компаниясы бұл ғимаратты жаңа жыл алдында, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай пайдалануға бермекші. Бұған қоса аралталдықтар мен ақсайлықтар үшін Ақсай қаласының солтүстік бөлігінде де балабақша салу көзделуде.

Тағы бір айта кететін жайт, көшірілетін тұрғындар үшін көтерме жәрдемақы төлеу қарастырылған. Былайша айтқанда, әр отбасыға 1 мың АҚШ долларынан, әр мүшесіне 200 доллардан, сондай-ақ шаруашылық құрылыстары, жер телімдері мен бау-бақша өсімдіктері үшін де өтемақы төленеді. Айталық, бұған дейін 114,7 млн астам теңге және 164,8 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төленді. Көшірілген 82 үйдің 56-сы сүрілген. Тұрғындар көшіп болғаннан кейін Березов пен Бестаудағы барлық үйлер сүріліп тасталатын болады.

Еске сала кетейік, 2014 жылғы 28 қарашада балалар жаппай газдан уланған оқиғадан кейін Үкімет қаулысына сәйкес көшірудің бірінші кезеңінде 82 (Березовтан 75, Бестаудан 7) отбасы, барлығы 416 адам Ақсай қаласының 5-шағынауданында салынған 80 және 75 пәтерлік үйлерге қоныс аударған болатын.

Соңғы жаңалықтар