БҚО ардагерлері өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласа бермек

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық ардагерлер бұдан былай да өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласа бермек. Бұл туралы бүгін Оралдағы Достық үйінде өткен облыстық ардагерлер кеңесінің ІІ пленумында айтылды.

Отырысқа қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың атап өткеніндей, қоғамдық шаралардан қалыс қалмай, жастар тәрбиесіне атсалысып келе жатқан ардагерлер ұйымдарына алдағы уақытта да қолдау көрсетілетін болады.

Жиында баяндама жасаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетовтің айтуынша, жасы ұлғайған жандарды әлеуметтік қолдау - ардагерлер ұйымының алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Бұл ретте өз ардагерлерін ұмытпай, үнемі қолдап, көмек көрсетіп отыратын кәсіпорын-мекемелер аз емес. Өңірде  күні бүгін бір қалалық, 12 аудандық ұйым болса, бастауыш ұйымдар 380-ге дейін жетті. Облыстағы 80 мыңнан астам ардагерлердің 80 пайыздайы сол ұйымдардың жұмысына араласып тұрады. Ұлы Отан соғысына қатысқандар саны күн санап азайып келеді, қазір 190-дай майдангер қалды, сонымен қатар 10 мыңға жуық тыл еңбеккері бар. Қазан айында өтетін дәстүрлі «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығында жыл сайын қарияларға да жәрдем көрсетіледі. Мысалы, өткен жылы 112 млн. теңгенің көмегі берілген.

null  

Отырыста сондай-ақ бірқатар аудандық ардагерлер ұйымдарының төрағалары республикалық ардагерлер ұйымының VІІ съезінде ұйымның жарғысына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жөнінде, сондай-ақ 1938 жылғы зейнеткерлерге де тыл еңбеккері мәртебесін беру және әлеуметтік жәрдемақы белгілеу, қарияларға жыл бойы қамқорлық жасау төңірегінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

null 

Соңғы жаңалықтар