БҚО әкімі баталы ақсақалдармен кездесті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Алғыс айту күніне орай облыс әкімі Алтай Көлгінов баталы ақсақалдармен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс ардагерлерін мерекемен құттықтаған өңір басшысы Алғыс айту күні тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі ұлт өкілдерінің қазақ еліне ризалығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн екендігін жеткізді.



«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз тәуелсіздік алған бастапқы кезеңде-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, халықты бірлікке, татулыққа шақырған болатын. Сондықтан 1 наурыз Ассамблея күні ретінде де аталып өтеді. Біздер осы достық пен бірлік туын биік ұстап, халқымыздың мейірбандық сынды асыл қасиеттерін қастерлей, байыта білуіміз керек. Қазақ елі ынтымағымен алға басып, береке-бірлігімен озатын болады. Осы орайда ең алдымен кейінгі ұрпаққа жол сілтеп, үлгі-өнегесін көрсетіп отырған ақсақалдарға, барша ағайынға алғысымызды арнаймыз», деді Алтай Көлгінов.



Жиында Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, орыс ұлтының өкілі Василий Баев, сондай-ақ корей Григорий Тё, татар Закир Хузасаитов, беларусь Анастасия Сафина, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы Данильбек Саратов Қазақ еліне деген шынайы ықылас-тілектерін айтып, сан ұлттың басын қосып, алға бастап келе жатқан Елбасы саясатын қолдайтындықтарын білдірді. Баталы сөздер де айтылды.

 

Шара соңында қатысушыларға облыс әкімінің алғысхаттары табыс етілді.



Алғыс айту күніне орай жаңа алаңда мерекелік концерт те қойылды.

Соңғы жаңалықтар