Бизнестің салығы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жұмыс берушілерінің салығын азайту жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазіргі кезде арнайы заң жобасы дайын. Оған сәйкес, жұмыс берушілердің әлеуметтік салығы 1,5 пайызға төмендейді. Мысалы, осы уақытқа дейін 11 пайыз төленсе, алдағы уақытта аталған көрсеткіш 9,5 пайыз болады. Сонда жаңағы 1,5 пайыздың есебінен медициналық сақтандыру жарналарын өтеуге болады", - деп атап көрсетті Жақыпова бүгін Астанада өткен республикалық семинарда.

Айта кетейік, ағымдағы жылы шілдеден бастап жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлей бастады. Жұмыс берушілер әзірше жұмысшы жалақысының 1 пайызын төлейді. Алайда аталған жарна 3669 теңгеден аспауы тиіс. Жеке кәсіпкерлер болса, екі минималды жалақының 5 пайызын аударуы шарт. Ол сомма 2446 теңгеден артық болмауы қажет.

Соңғы жаңалықтар