Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот үкімі шықты. Судья М.Тоқмәдиді 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы Мұратхан Тоқмәдиге қатысты ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлімімен, 287-бабының  3-бөлімімен, 287-бабының 4-бөлімімен айып тағылған.

Тергеу барысында айыпталушы өз кінәсін мойындау туралы прокурорлармен процессуалды келісімге келді. Процессуалды келісімге сәйкес сотталушы өзіне тағылған айыпқа қарсылық білдірмеу туралы өз еркімен келісті.

Аталған шарт бойынша айыптау тарабы оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы өтініш білдірді. Судья процессуалды келісім шарттарымен келісті.

Осылайша Алмалы аудандық сотының судьясы Мұратхан Тоқмәдиді ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлімімен, 287-бабының  3-бөлімімен, 287-бабының 4-бөлімімен айыпты деп тауып 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Айта кету керек, арнайы қызмет өкілдері  «Қазстройстекло» компаниясының зауытында тінту жүргізген болатын. Арнайы операция барысында бизнесмен Мұратхан Тоқмәди ұсталды.

Зауыт иесі, бизнесмен ұзақ уақыттан бері ірі қылмыстық топты басқарып келеді. Банданың көшбасшысын бірнеше жылдан бері арнайы қызмет өкілдері мұқият бақылап келген.

Соңғы жаңалықтар