Бизнесмен Малайзия тарихында ең ірі ұтысты иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пинанг штатының тұрғыны малайзиялық бизнесмен ел тарихында ұлттық спорт лотереясының рекордтық ұтысының - 69,6 млн рингит (шамамен 16,6 млн доллар) иесі атанды. Бұл жайлы The Straights Times газеті жариялады.

Бизнесмен өз автомобилінің нөміріне сәйкес келетін сандарды таңдай отырып, бұл лотереяға төрт жыл қатарынан қатысып келген. Бұл жолы ол дәстүрді бұзып,  басқа сандарды таңдапты.

Малайзиядағы бұған дейінгі ірі ұтыс 2012 жылы тіркелген, ол кездегі джекпот құны 57 млн рингитті (13,5 млн доллар) құрады. 

Соңғы жаңалықтар